Рус
Каз
Біз Instagram-да:
@bolashakkostanay
Біз ВКонтакте-де:
ДОЛ «Болашак»
WhatsApp / Телефон:
Брондау
Рус
Каз

Аумақ және инфрақұрылым

  • Басты
  • Аумақ және инфрақұрылым

Орналасуы
«Болашақ» балалар сауықтыру лагері Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Басбек ауылының маңында, Аракарагай орман массивінің аумағында орналасқан.
Қостанай қаласынан — 30 км қашықтықта. Лагерь экологиялық таза аймақта, өндірістік нысандар мен қалалық шу-шыңнан алыс орналасқан.

Аумақ және инфрақұрылым
Лагерь аумағының жалпы ауданы — 7 гектар. Балалардың жайлы демалысы мен белсенді уақыт өткізуі үшін аумақта келесі нысандар орналасқан:

  • екі және үш қабатты заманауи тұрғын корпус;
  • 450 орындық асхана;
  • душ ғимараты;2 футбол алаңы;
  • 2 волейбол алаңы;
  • баскетбол алаңы;
  • скалодром;
  • экстрим-парк;
  • 2 жазғы эстрада;
  • акт залдың ғимараты.

Тұрғын жайлары
Балалар заманауи және қолайлы тұрғын корпусында тұрады. Бөлмелер 6–8 адамға арналған және келесі құралдармен жабдықталған:

  • бірқабатты төсектер;
  • төсек қасына қойылатын тумбалар;
  • суық және ыстық сумен жуынатын раковина;
  • дәретхана.

Барлық корпустарда жаңа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жалпы пайдалану үшін жұмсақ жиһазбен жабдықталған ойын бөлмелері және ауыз суға арналған фонтаншалар қарастырылған.

Медициналық қызмет көрсету
Лагерь аумағында тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық пункт бар, оның құрамында білікті мамандар қызмет атқарады. Лагерь медициналық қызмет көрсету лицензиясына ие және балалардың денсаулығының жағдайы үнемі бақылауда болады.

Қауіпсіздік
Балалардың қауіпсіздігі «Болашақ» лагерінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Ол үшін төмендегілер қарастырылған:

  • бақылау-өткізу режимі;
  • аумақты қоршау;
  • территория бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

Тамақтану
Балалар үшін жасын және дене белсенділігін ескере отырып, "қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) сәйкес бес реттік теңгерімді тамақтану ұйымдастырылды:

  • таңғы ас;
  • түскі ас;
  • түстен кейінгі тағамдар;
  • кешкі ас;
  • екінші кешкі ас.

Мәзірге сүт ботқалары, жұмыртқа тағамдары, сиыр еті мен құс еті, көкөніс гарнирлері, салаттар, жемістер, сүзбе және нан өнімдері, табиғи шырындар кіреді. Диетада ащы және тұзды тағамдар қолданылмайды.
Тамақтану қолданыстағы санитарлық нормаларға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Тағамдардың сапасы күн сайын бақыланады: дайын өнімді бракераждау және тәуліктік сынамаларды алу жүргізіледі.

Балаңызға жазды брондаңыз!

Баланы лагерьге жазу үшін сайт арқылы қабылдауға тіркеліп, талон (ваучер) алыңыз. Талон мен қажетті құжаттарды алып, кеңсемізге келіп, лагерьдегі орынды брондаңыз.